Accessibility links

Ресейде ИМ-нің күдікті 10 мүшесі ұсталғаны хабарланды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының мүшелері болуы мүмкін деген күдікпен 10 адам ұсталып, оларға Мәскеу мен Санкт-Петербургте бір мезетте терактілер жасауды жоспарлады деген айып тағылды. "Российская газета" 13 қарашада күдіктілер өткен жылы 13 қарашада Парижде болған, 130 адамның өмірін қиған терактілер сияқты шабуылдарды ұйымдастырмақ болған деп хабарлады.

Басылымның ақпаратына қарағанда, ұсталғандар - Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары. Олардан автоматтар мен жарылғыш заттар тәркіленген. Биліктің мәліметінше, ұсталғандар Париждегі терактілерге бір жыл толғанына орай шабуыл жасауды жоспарлаған болуы мүмкін.

2015 жылы 13 қарашада Парижде бірнеше жерде шабуыл жасалып, 130 адам қаза тапқан. Шабуыл болған жерлердің бірі - "Батаклан" концерт залы 12 қарашада қайта ашылды. Залда Стингтің концерті болып, оған теракт құрбандарының туыстары мен терактіден тірі қалғандар қатысты.

XS
SM
MD
LG