Accessibility links

Премьер-министр Астанада қардан кейінгі көлік кептелісіне кейіді


Астанада көшені қардан тазалап жүрген коммуналдық мекеме жұмысшысы (Көрнекі сурет).

Астанада көшені қардан тазалап жүрген коммуналдық мекеме жұмысшысы (Көрнекі сурет).

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Астанада үкімет отырысында қалада қар жауғаннан кейін туындаған көлік кептелісіне наразылық білдірді. Отырыста Сағынтаев қала әкімі Әсет Исекешевке "бүкіл қала іркіліп, тұрғындар жұмысқа кешігіп жатқанын" айтты. Премьер-министр көлік кептелісіне қарап қалада қардан тазалау жұмыстарына "ешқандай дайындық болмағандай" сезімде қалғанын айтты.

Астана әкімі Әсет Исекешев қала көшелері түннен бері қардан тазаланып жатқанын және көшелерде қаржы жинауға дайындық жүргізілгенін айтты. "Біз дайындалғанбыз. Негізінен қазір көшелер таза. Бірақ әрине, қар қалың жауып жатқандықтан көлік кептелісі бар" деді Исекешев.

Астана әкімдігі 14 қарашада көшелерді қардан тазалауға 300 техника тартылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG