Accessibility links

Могерини: ЕО Ресейге қатысты саясатын өзгертпек емес


Федерика Могерини, Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары.
Федерика Могерини, Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары.

Еуропа Одағы (ЕО) өзге елдердің ұстанымын өзгертуі мүмкін екеніне қарамастан Ресейге қатысты саясатын өзгертпейді. Бұл туралы 13 қарашада ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини мәлімдеді.

Могерини ЕО-ның Қырымның аннексиялануы мен Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымы өзгермейтінін, бірақ Брюссель Ресеймен терроризммен күрес, Иранның ядролық бағдарламасы және Таяу Шығыстағы қақтығыстар сияқты мәселелерде конструктивті диалог жүргізетінін айтты.

Өткен аптада Reuters агенттігі дипломатиялық арналардағы дереккөзіне сүйене отырып ЕО желтоқсан айында Ресейге қарсы санкцияларын ұзартпақ ниетте екенін хабарлаған. Агенттіктің мәліметінше, дипломаттар АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскен соң санкцияларды ұзарту қиындап кетуі мүмкін дейді.

Бұған дейін ЕО санкция салынған адамдар мен компаниялардың "қара тізімін" 157 адамға дейін толықтырған. Тізімге негізінен Мемлекеттік думаның Қырымнан сайланған депутаттары кіргізілген.

XS
SM
MD
LG