Accessibility links

Тәжікстанда ИМ-нің бұрынғы содыры 12 жылға сотталды


Хатлон облыстық соты, Тәжікстан (Көрнекі сурет).
Хатлон облыстық соты, Тәжікстан (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Хатлон облысының соты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бұрынғы мүшесі деп айыпталған Ахлиддин Усмоновты 12 жылға соттады. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік редакциясына Хатлон облыстық соты төрағасының орынбасары Сайфиддин Мухиддинзода хабарлады.

Оның сөзінше, сотта Ахлиддин Усмонов ИМ содырларының адамды жантүршігерлікпен өлтіргенін көріп Сириядан кетіп қалғанын айтқан. Сотталушы жазасын Қорған-Төбедегі қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Жалолиддин Балхи ауданының тұрғыны Ахлиддин Усмонов шілдеде Сириядан кетіп, Түркия арқылы Ресейге, одан Тәжікстанға оралған. Оны Душанбе әуежайында тұтқындаған. Бұрынғы содыр Сирияда ИМ жағында бір апта шамасында соғысқанын мойындаған. Тергеу кезінде Усмоновтың Түркияда медреседегі оқудан соң Пяндж ауданының бір тұрғынының кеңесімен Сирияға кеткенін анықтаған.

Сотталған Ахлиддин Усмоновтың адвокаты оның үкіммен келісетінін және шағым бермейтінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG