Accessibility links

Назарбаев Трамп жеңісінің соңы "жақсы болатынынан" үмітті


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаткерлер мен экономистердің Астана клубының жиынында АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі туралы пікір білдірді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Назарбаев республикашыл кандидат Дональд Трамптың жеңісі "жетекші державалар арасында диалог қайта басталады" деген үміт ұялататынын айтты.

"Қазіргі әлем дамуындағы қарама-қайшы тенденциялардан орнықты тенденцияларды байқау әзірге қиын. Алайда, АҚШ-та өткен президент сайлауының нәтижелері бәрі жақсы болады деген үміт береді. Ең алдымен айтқым келгені мынау, жетекші державалар арасындағы диалогтың қайта жандану, олардың арасындағы негізгі қайшылықтар бойынша ымыраға келуге тырысу мүмкіндігі артады" деді Назарбааев.

Өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, оны Қазақстанға келіп қайтуға шақырған.

Ресейде Дональд Трамптың жеңісін шабытпен қабылдады. Мемлекеттік дума депутаттары Трамптың Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтоннан басым түскені туралы хабардан соң қол шапалақтады.

XS
SM
MD
LG