Accessibility links

Молдовада сайлау нәтижесіне наразылық білдірді


Кишиневтегі наразылық болған маңда айғайлап тұрған қартаң әйел. 14 қараша 2016 жыл.
Кишиневтегі наразылық болған маңда айғайлап тұрған қартаң әйел. 14 қараша 2016 жыл.

Молдовада ресейшіл саясаткер Игорь Додон президент сайлауының жеңімпазы болып танылған соң 14 қарашада жүздеген адам Кишинев көшелеріне шығып наразылық білдірді. Орталық сайлау комиссиясының алдына елдің туын ұстап келген шерушілер "Мафия жойылсын!" деп ұрандатты. Оқиға бейбіт өтті.

Қарашаның 13-інде өткен президент сайлауының екінші кезеңінде ресейшіл социалист кандидат Игорь Додон жеңіске жеткен. Орталық сайлау комиссиясы Игорь Додонға сайлаушылардың 54 пайызы, ал оның қарсыласы - еуропашыл кандидат Майя Сандуға 45 пайызы дауыс бергенін мәлімдеген. Жексенбі күні тіркелген сайлаушылардың 53,3 пайызы дауыс берген.

2015 жылғы Кишинев қаласында болған наразылықтардан кейін конституциялық сот Молдова президенті жалпыхалықтық сайлауда сайланатыны туралы шешім шығарған. Молдовада жалпыхалықтық президент сайлауы бұған дейін 1996 жылы өткен. 2000 жылдан бері президентті парламент сайлап келді. Молдова заңы бойынша, президент төрт жылға сайланады. Парламенттік басқару жүйесіндегі Молдовада құзыры шектеулі болғанмен президент заң жобасын кері қайтарып, парламентті тарату өкілетіне ие.

XS
SM
MD
LG