Accessibility links

Сирия жағалауында ресейлік жойғыш ұшақ апатқа ұшырады


Ресейдің Норвег теңізінде жүрген "Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсері.

Ресейдің Норвег теңізінде жүрген "Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсері.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Сирияның Жерорта теңізі жағалауында "Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсерінен ұшып шыққан МиГ-29К жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш кабинадан катапультпен секіріп кетіп аман қалған. Оны судан құтқарып алып, кеме бортына жеткізген. Министрлік "апатқа ұшақ крейсерден бірнеше километр ұшып шығып, қайтадан қону үшін оған жақындап қалғанда құрылғысының істен шығуы себеп болған" дейді.

Министрліктің мәлімдеуінше, кеме командасы апатқа қарамастан "жоспарлы режимде" жұмыс істеп тұр. Ресейдің жалғыз авиатасығыш крейсерін Сирия маңындағы теңізде зымыран крейсері мен өзге алты кемесі қарауылдап жүр. Мәскеу 1991 жылы СССР құлағаннан бері шетелге мұндай ірі флотилияны бірінші рет шығарып отыр.

Батыс елдері Ресейдің Сирия маңына флотилиясын орналастыруын президент Башар Асад билігіне әскери қолдауын арттыру және көтерілісшілер бақылауындағы Алеппоға әуе шабуылдарын күшейту әрекеті деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG