Accessibility links

Обама: Трамп НАТО-дан айнымайды


АҚШ президентін Барак Обама (оң жақта) Ақ үйде Дональд Трамппен кездесіп отыр. Вашингтон, 10 қараша 2016 жыл.
АҚШ президентін Барак Обама (оң жақта) Ақ үйде Дональд Трамппен кездесіп отыр. Вашингтон, 10 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама жаңадан сайланған республикашыл президент Дональд Трамптың "сайлауалды кампаниясында НАТО-ға қарсылық білдіргеніне қарамастан, альянсты қолдай беретінін" мәлімдеді.

14 қарашада президент ретінде соңғы рет шетелге сапарға шығарының алдында баспасөз конференциясын өкізген Обама өткен аптада сайлаудан соң Ақ үйде Трамппен кездескенінде "еркін әңгіме-дүкен құрғанын" айтты. Журналистердің бірі Обамадан "Шетел басшыларына Трамптың НАТО-ға қатысты пікірі туралы не айтасыз?" деп сұраған. Обама ол сұраққа: "АҚШ-тың НАТО-мен берік және сенімді қарым-қатынас орнату міндетіне адалдығы мызғымайды" деп жауап берді.

Дональд Трамп сайлауалды кампаниясында "НАТО мүшелері альянсқа көбірек қаржы салу керек" екенін айтқан. Ол сонымен қатар "НАТО мүшелері өздерінің қорғанысқа бөлетін қаржысын арттырмаса, АҚШ оларды қорғамауы мүмкін" екенін де мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG