Accessibility links

ОҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапқан


Қазақстандағы жол апаттарының бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы жол апаттарының бірі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) Шымкент-Арыс трассасында жол апатынан бес адам қаза тапқан. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жеңіл көлік пен "КамАЗ" жүк көлігі соқтығысқан жол апаты 13 қараша күні кешке болған. Жеңіл көліктегі үш қыз бен екі мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болған. Жүргізуші ауруханаға түскен. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып, кейін ұсталған.

Ішкі істер департаменті ақпаратына қарағанда, қаза тапқан азаматтар тойларда өнер көрсетіп жүрген. Олар жол апаты болған күні Шардараға іс-шараға кетіп бара жатқан.

Сараптама нәтижесінде жүк көлігінің 57 жастағы жүргізушісінің масаң күйде көлік жүргізгені анықталған.

Полиция қылмыстық кодекстің "жолда жүру немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу" және "жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу" баптары бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG