Accessibility links

Сотқа келген белсендіден Боқаев пен Аянның суреті бар күртешесін шешкізді


Белсенді Бекболат Мұханбетәли соттың алдында Макс Боқаев пен Талғат Аянның суреті басылған күртешесін ұстап тұр. Атырау, 15 қараша 2016 жыл.

Белсенді Бекболат Мұханбетәли соттың алдында Макс Боқаев пен Талғат Аянның суреті басылған күртешесін ұстап тұр. Атырау, 15 қараша 2016 жыл.

Атырау қаласындағы 2-сотта өтіп жатқан сот процесіне бүгін белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдайтын бастамашыл топ өкілдерінің бірі Бекболат Мұханбетəли олардың суреттері салынған күртеше киіп келді. Күртешеде Боқаев пен Аянның суретінен өзге оларға бостандық беруді сұраған сөз де жазылған. Сот ғимаратын күзетуші полицейлер мен сот приставтары одан дереу күртешесін шешуді талап етті. Бұдан соң белсенді күртешесін шешіп, сот дәлізіндегі жәшіктердің біріне салып қойды.

- Майкл Джексон немесе басқа белгілі тұлғалар бейнеленген киімді киюге болады, ал бұл киіммен неге сот ғимаратына келуге болмайды? - дейді Бекболат Мұханбетəли.

Оның айтуынша полицейлер мен сот приставы оған бұл əрекеттің пикет деп саналатынын, ол үшін жазаланатынын ескерткен.

Сот приставы Əлішер Қапашев Азаттық тілшісіне мобильді телефонмен суретке түсіруге рұқсат жоқ екенін, енді сот ғимараты дəлізінде қол телефонмен суретке түсіргенін көрсе, акт толтырып сот ғимаратына келуге тыйым салатынын айтты.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің Азаттыққа айтуынша, Боқаев пен Аянның суреттері салынған киім кию сотқа қысым жасау болып саналады.

- Бұл сотта Боқаев пен Аянға қатысты сот процесі жүріп жатыр, олардың суреттері салынған киім заң бойынша судьяға қысым жасау болып саналады, - деді Боранбай Ғалиев.

XS
SM
MD
LG