Accessibility links

Астанада экологиялық ұйым құрылды


"Байтақ Болашақ" экологиялық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылғаны жөнінде баспасөз мәслихатына қатысушылар. Астана, 15 қараша 2016 жыл.
"Байтақ Болашақ" экологиялық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылғаны жөнінде баспасөз мәслихатына қатысушылар. Астана, 15 қараша 2016 жыл.

Астанада бүгін "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылғаны жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, мәжіліс депутаты Владислав Косарев келді. Ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртаев "бірлестіктің мақсаты – экологиялық проблемаларды шешу, жасыл экономикаға бағыт алу, ғылыми институттар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктіру" екенін айтады.

Альянс 2016 жылдың 1 қазанында ресми түрде тіркелген. Қазір Қазақстанның бес облысында бөлімшелері бар. Қоғамдық бірлестік мүшелері экологияны жақсартуға қажетті қаражатты Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардан алуды жоспарлап отырғандарын хабарлады.

Баспасөз мәслихатында Олжас Сүлейменов бірлестіктің ел экологиясын жақсартуға септігі тиетініне сенімді екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG