Accessibility links

Статистика: Ресей экономикасы әлі рецессия жағдайында тұр


Эльвира Набиуллина, Ресей орталық банкінің басшысы.
Эльвира Набиуллина, Ресей орталық банкінің басшысы.

Ресей экономикасы бір жылда 0,4 пайызға құлдырады. Ресей билігінің мәлімдеуінше, экономика рецессия жағдайында тұрғанымен, құлдырау бір қалыпты. Ресей статистика агенттігінің мәліметінше, экономикалық құлдырау алғашқы тоқсанда 1,2 пайыз, екінші тоқсанда 0,6 пайыз, үшінші тоқсанда 0,4 пайыз болған.

Ресей орталық банкі 14 қарашада төртінші тоқсанда экономикалық өсім 0,2-0,3 пайыз болады деп болжап отырғанын хабарлаған. Өзге болжаушылар экономикалық өсім 2017 жылға дейін қалпына келмейді дейді. Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина "Өсімге қайта оралу белгілері әлі анық және тұрақты емес" деп мәлімдеді 14 қарашада парламентте.

Ресей билігі АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды жұмсартуы мүмкін деп үміттенеді.

Кремль Трамп 14 қарашада президент Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенінде қарым-қатынасты "дұрыстауды" қолдағанын хабарлаған.

Бірақ орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина санкциялардың жұмсаруы мүмкін деген оптимизм басым болғанымен, "сыртқы жағдаяттар қиын күйде қала береді" деп болжайды.

XS
SM
MD
LG