Accessibility links

Медведев Улюкаевтің ісін "тыңғылықты тергеуге" шақырды


Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.

Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың ұсталуына байланысты "тыңғылықты тергеу" жүргізуге шақырды.

Ресей премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Медведев Улюкаевтың ұсталғанын президент Владимир Путинмен талқылаған.

15 қарашада Ресей тергеу комитеті Улюкаевтың ұсталғанын хабарлаған. Министр "экономикалық даму министрлігінің "Роснефть" компаниясына "Башнефть" компаниясының 50 пайыз акциясын иеленуіне оң баға бергені үшін 2 миллион доллар пара алды" деген күдікке ілінген. Таяуда Алексей Улюкаевқа ресми айып тағылып, бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтініш берілуі мүмкін.

"Улюкаев пара алып жатқан жерінде ұсталды" деді тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренко.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Улюкаевтың ұсталғанынан Путин хабардар етілгенін хабарлады. "Оған жедел шаралар басталған кезде өзім хабарладым, яғни ол барлық ақпаратты біледі" деді Песков. Ол Улюкаевқа ауыр айып тағылуы мүмкін екенін де білдірді. "Қандай айыптардың тағылатынын сот қана шешеді" деді Песков.

60 жастағы Улюкаев 2013 жылы экономикалық даму министрі болып тағайындалған. Бұған дейін ол орталық банк басшысының орынбасары болған. Ол мемлекеттік нысандарды жекешелендіру жұмыстарына басшылық еткен.

"Башнефть" компаниясы қазан айында "Роснефть" компаниясына 5 миллиард долларға сатылған.

XS
SM
MD
LG