Accessibility links

Асад: Трамп "табиғи одақтас" атануы мүмкін


Башар Асад, Сирия президенті.
Башар Асад, Сирия президенті.

Сирия президенті Башар Асад АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Вашингтонның Сириядағы саясатын өзгертетінін, я өзгертпейтінін "күтетінін" мәлімдеді. Португалия телеарнасына берген сұхбатында ол сонымен қатар Вашингтонмен содырлармен күресте серіктес болуға дайын екенін де айтты. Асадтың айтуынша, Трамп Сирияда осы елдің билігімен емес, исламшылдармен күресу қажетіне қатысты "көп үміт күттіретін" мәлімдемелер жасаған.

Сирия президенті сұхбатында Трамп "уәдесін орындай ала ма" деген сауал қойды. Ол АҚШ әкімшілігі ішіндегі "лоббистер мен күштердің" Трампқа ықпал етіп, оның Сирия билігіне қатысты жаулық ұстанымын өзгертпеуге мәжбүрлеуі мүмкін екенін айтты.

Дональд Трамп сайлауалды кампаниясында АҚШ Сириядағы Асадқа қарсы соғысып жатқан кейбір оппозициялық күштерге қатысты ұстанымын өзгертуі мүмкін екенін мәлімдеген. Трамп көтерілісшілерді қолдау және Сирия президентін биліктен кетіру саясатының дұрыстығына күмән келтіріп, Асадты ұнатпайтынын, бірақ оның Ресеймен бірігіп "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресіп жатқанын айтқан. Сирия президенті Дональд Трампқа қатысты ұстанымы әзірге біржақты емесін мәлімдеді. "Біз баға беруде абайлап отырмыз, бірақ егер ол террористермен күресуге ынталы болса, онда біз табиғи түрде одақтас боламыз" деді Асад.

XS
SM
MD
LG