Accessibility links

Министр: БАҚ туралы өзгерістер жобасына түзету енгізілді


Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев медиа құрылтайда. 11 қараша 2016 жыл. Алматы.

Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев медиа құрылтайда. 11 қараша 2016 жыл. Алматы.

Ақпарат және коммуникация министрлігі БАҚ туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына аздаған өзгерістер жасады деп хабарлады ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа сілтеме жасаған жергілікті агенттік.

Абаевтың айтуына қарағанда, заң жобасының жеке дербес мәліметтерді жариялауға қатысты баптары түзетілген. "Біз түзету жасадық. Әңгіме барлық дербес деректер туралы емес, қолжетімділігі шектеулі мәліметтерге ғана қатысты. Оларға жеке басын куәландыратын құжат, жеке идентификациялық нөмір, жеке телефондары, мекен-жайы, жұмыс орны, еңбек келісім-шарты сияқты мәліметтер жатады" деген министр.

Қарашаның басында ақпарат және коммуникация министрлігі ресми сайтында ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын жариялаған. Бұл заң жобасының концепциясы қыркүйекте электрондық үкімет сайтында жарияланған еді. Жобаның кейбір тұстарына, әсіресе дербес мәліметтерге қатысты ұсыныстарына журналистер мен құқық қорғаушылар қарсылық білдірген.

Жобада журналистерді ақпараттың шынайылығын тексеріп, жеке басына қатысты мәліметтері жарияланатын адамнан немесе өкілінен оның жеке бас мәліметтерін жариялауға рұқсат алуға міндеттеу қарастырылған. Құжат бойынша, жеке адамның ресми және ақпараттық хабарламаларда келтірілген мәліметтерін жариялауға шектеу қойылмайды.

XS
SM
MD
LG