Accessibility links

Сауалнама: Ресейліктердің 63 пайызы Путиннің президент бола бергенін қалайды


Владимир Путин, Ресей президенті

Владимир Путин, Ресей президенті

Ресейліктердің үштен екісі (63 пайыз) Владимир Путинді 2018 жылы ппезиденттік өкілеті аяқталған соң да президент қызметінде болғанын қалайды. 63 пайыз - 2012 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш. Бұл туралы бүгін "Ведомости" басылымында жарияланған "Левада-центр" үкіметтік емес ұйымы жүргізген сауалнама нәтижесі айғақтайды.

Әлеуметтанушылар төрт жыл бұрын Путиннің 2018 жылдан кейін президент болғанын қалайтындар саны екі есеге жуық аз - 34 пайы болғанын, 2014 жылы ол көрсеткіш 50 пайыздан асқанын айтады.

Ал Путиннің жаңа мерзімге сайланғанын қаламайтындар саны 2012 жылдан бері 40 пайыздан 19 пайызға азайған. Сауалнамаға қатысқандардың тек төрттен бірі 2018 жылы Ресейде Путинді алмастыра алатын лидер пайда болуы мүмкін деп сенетінін айтқан. Төрт жыл бұрын мұндай көрсеткіш 49 пайыз болған.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың наурызына жоспарланған. Кремль бұған дейін мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу мүмкіндігі туралы ақпарды жоққа шығарған. Путиннің өзі әзірге кезекті рет президенттікке түсу жайын шешпегенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG