Accessibility links

TI: Қазақстанда әрбір үшінші адам коррупциямен ұшырасқан


Transparency International ұйымының 2016 жылғы Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі коррупция деңгейі туралы есебінің картасы.
Transparency International ұйымының 2016 жылғы Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі коррупция деңгейі туралы есебінің картасы.

Қазақстанда әрбір үшінші дерлік азаматтар күнделікті өмірде қоғамдық қызметті тұтыну кезінде коррупциямен ұшырасады деп мәлімдеді Transparency International халықаралық ұйымы "Әлемдік коррупция барометрі - 2016" деп аталатын есебінде. Ұйым зерттеуін Еуропа мен Орталық Азияның 42 мемлекетіндегі 60 мың адамнан күнделікті өмірінде коррупциямен қаншалықты ұшырасатыны туралы сауалнама алу негізінде жүргізген.

Есепте ТМД елдері арасында жүргізілген сауалнама бойынша сұралғандардың Тәжікстанда 50 пайызы, Қырғызстан мен Әзербайжанда 38, Арменияда 24, Өзбекстанда 18, Ресейде 34, Беларусьте 20 пайызы соңғы бір жылда сегіз қоғамдық қызмет көрсетті тұтынғанда коррупциямен ұшырасқан.

Зерттеу постсоветтік 14 мемлекет пен Еуропаның 28 мемлекетінде жүргізілген. Ұйым мәліметінше, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 37 пайызы коррупцияны үкімет назар аударуы тиіс басты үш проблеманың бірі ретінде атаған.

Ұйым зерттеуде ТМД елдерінде коррупция деңгейі ең жоғары әлеуметтік қызмет көрсету салалары - жол полициясы, медицина, білім беру, азаматтық сот саласы екені анықталды дейді.

XS
SM
MD
LG