Accessibility links

Шиит көтерілісшілері Мосул маңындағы әуе базасын алғанын мәлімдеді


Мосул маңындағы аудандардың бірінде жүрген Ирак әскері. 15 қараша 2016 жыл.

Мосул маңындағы аудандардың бірінде жүрген Ирак әскері. 15 қараша 2016 жыл.

Иран қолдайтын көтерілісшілер "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларынан Мосулдың батысындағы Таль-Афар әскери-әуе базасын азат еткенін, енді содырларды көршілес Сириядан керек-жарақпен қамтамасыз ету жолын жаба алатынын жариялады. Егер бұл ақпарат расталса, онда базаны алу ИМ-нің Ирактағы соңғы тірегі - Мосулды азат ету жолындағы ең үлкен жетістік болмақ.

Таль Афар Мосулдан Сирияға апаратын жолдан 60 километрдей қашықтықта орналасқан. Ирак әскері мен одақтас сүннит тайпалары қаланың өзіне солтүстік пен солтүстік-шығысынан шабуылдап барады. Дегенмен, содырлар Сириямен қаланың батысы арқылы байланыс орнатып, керек-жарақ алуға мүмкіндігі бар. Көтерілісшілер жетекшілерінің бірінің мәлімдеуінше, Таль Афар базасын басып алу Ирак жерін Сирия шекарасына дейін азат етудегі "маңызды жетістік" болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG