Accessibility links

Журналист Бигелді Ғабдуллин қамалды


Бигелді Ғабдуллин, Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы

Бигелді Ғабдуллин, Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы, осы аптаның басында Астанада ұсталған Бигелді Ғабдуллин қамалды. Коррупцияға қарсы күрес ұлттық бюросының ақпаратына қарағанда, 16 қарашада Астананың Алматы аудандық соты "мемлекеттік органдар басшыларын бопсалады" деген күдікке ілінген Ғабдуллинді қамауға алу туралы қаулы шығарған.

61 жастағы Ғабдуллиннің ұсталғаны туралы ұлттық бюро 15 қарашада хабарлаған. Бюро ақпаратына қарағанда, Ғабдуллин өзіне қарасты БАҚ-ты пайдаланып, мемлекеттік органдардың басшыларына олардың "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялау жолымен" ақпараттық шабуыл жасаған. Кейін ол лауазымды тұлғалардан "сыни жарияланымдарды тоқтату үшін өз ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған".

16 қарашада Алматыда Radiotochka.kz порталы мен Central Asia Monitor басылымының редакциясында тінту болған.

XS
SM
MD
LG