Accessibility links

ЕЭАО үкімет басшылары одақтың Кеден кодексі жобасын мақұлдады


Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев (ортада) ЕАЭО елдері үкімет басшыларының жиынына қатысып отыр. Мәскеу, 16 қараша 2016 жыл.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев (ортада) ЕАЭО елдері үкімет басшыларының жиынына қатысып отыр. Мәскеу, 16 қараша 2016 жыл.

Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің үкімет басшылары ЕАЭО-ның Кеден кодексі жобасын мақұлдады деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлері кодекс жобасын 16 қарашада Мәскеуде өткен кездесуде мақұлдаған.

Құжатта кедендік әкімшілендіруге қатысты соңғы тенденциялар қамтылған және ол кедендік рәсімдеу жұмыстарын жеңілдетіп, автоматтандыруды, бизнес жүргізуді жақсартуды көздейді.

Кодекс жобасы енді мемлекетішілік келісу процедураларынан өту үшін одақ елдеріне жіберілген. Құжат желтоқсанда өтетін Еуразия жоғарғы экономикалық кеңесінің жиынына мемлекет басшыларының қол қоюына ұсынылмақ.

XS
SM
MD
LG