Accessibility links

Қырғызстанның жаңа үкіметі ант қабылдады


Қырғызстанның жаңа үкімет құрамы. Бішкек, 9 қараша 2016 жыл.

Қырғызстанның жаңа үкімет құрамы. Бішкек, 9 қараша 2016 жыл.

Қырғызстанның жаңа үкіметі бүгін парламентте ант қабылдады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Парламент жиынына президент Алмазбек Атамбаев қатысты. Парламент спикері Чыныбай Турсунбеков жаңа үкіметке табыс тіледі.

Жаңа үкімет құрамы өткен аптада, парламентте Социал-демократиялық партиясы, "Қырғызстан" және "Бир бол" партияларынан жаңа коалиция құрылған соң жасақталған. 11 қарашада Алмазбек Атамбаев бірнеше лауазымды қызметке тағайындаулар жасаған. Жаңа үкімет құрамы мен құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. премьер-министр Сооронбай Жээнбеков пен көптеген министр лауазымдарын сақтап қалды.

Қырғызстан үкіметі қазан айында Социал-демократиялық партиясы "саяси ұстаным қайшылығына" байланысты коалиция құрамынан шыққан соң отставкаға кеткен. Қырғызстан заңдары бойынша, партиялардың бірі коалиция құрамынан шықса, онда коалиция тарқап, ол жасақтаған үкімет отставкаға кетеді.

XS
SM
MD
LG