Accessibility links

Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы басшысын қабылдады


"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов (оң жақта). Астана, 31 қазан 2016 жыл.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов (оң жақта). Астана, 31 қазан 2016 жыл.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде халықаралық көрмеге дайындық жайы туралы баяндады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есімов ЭКСПО аумағындағы құрылыс жұмыстары "кестеге сай жүріп жатқанын", көрмеге дайындық аясындағы шаралар "қалыпты режимде" іске асып жатқанын жеткізді.

"Франция, Германия, Қытай, Монако және Венгрияға ендігі павильондар берілді. Келесі міндет - тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау" деген Есімов. Назарбаев "көрмені лайықты өткізу қажетін" айтқан.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында Назарбаев пен Есімовтің кездесуінде көрменің құрылыс алаңында салынып жатқан көпір құрылысының құлағаны талқыланғаны туралы ақпарат жоқ. 16 қарашада көрме өтетін территорияда екі павильонның арасын жалғайтын көпір конструкциясы құлаған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Көпір құлағаннан кейінгі түсірілген видео интернетте жарияланған.

Астанадағы ЭКСПО 2017 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін өтеді.

XS
SM
MD
LG