Accessibility links

Байқоңырдан "Союз" орбитаға ғарышкерлерді алып ұшты


Байқоңыр ғарыш айлағында тұрған "Союз" ғарыш кемесі. 14 қараша 2016 жыл.
Байқоңыр ғарыш айлағында тұрған "Союз" ғарыш кемесі. 14 қараша 2016 жыл.

18 қараша күні таңға жуық "Союз" ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясының жаңа үш ғарышкерін Байқоңырдан алып ұшты. Кеме бортында ресейлік ғарышкер Олег Новицкий, француз астронавты Тома Песке және НАСА астронавты Пегги Уитсон бар. Кеме халықаралық ғарыш станциясымен осы аптаның соңында түйіседі деп жоспарланған.

Жаңа ғарышкерлер станцияда қазан айынан бері жұмыс істеп жатқан америкалық Шейн Кимброу, ресейлік Сергей Рыжиков пен Андрей Борисенкоға қосылады. Уитсон, Новицкий және Песке станцияда келесі жылдың көктеміне дейін болады. Ал қазанда барған экипаж Жерге ақпанның соңында оралады.

Ресейлік "Союз" кемесі АҚШ 2011 жылы шаттлдарды қолдануды тоқтатқан соң халықаралық ғарыш станциясына ғарышкер мен жүк жеткізетін басты транспорт болып қалды. АҚШ-тың жекеменшік SpaceX, Orbital ATK компаниялары да ғарышқа жүк жеткізеді. Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас шиеленіскенінен қарамастан ғарышты зерттеу АҚШ пен Ресей ынтымақтастығын жалғастырып отырған аз ғана саланың бірі болып тұр.

XS
SM
MD
LG