Accessibility links

Гройсман: Украина ең төменгі жалақы мен зейнетақыны көбейтеді


Владимир Гройсман, Украина премьер-министрі.
Владимир Гройсман, Украина премьер-министрі.

Украина премьер-министрі Владимир Гройсманның айтуына қарағанда, елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты үкімет зейнетақы мен жалақыны көбейтуді жоспарлап отыр. Азаттықтың Украин редакциясына берген сұхбатында Владимир Гройсман үш тоқсан қатыранан экономикалық өсім артқанын хабарлады. Ол Fitch агенттігі 12 қарашада Украинаның рейтингін көтергенін айтты. Гройсманның сөзінше, бұл - енді мемлекет "дефолт шегінде емес" дегенді білдіреді.

Экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты билік желтоқсанда зейнетақы көлемін 10 пайызға арттырып, келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны екі еселеуге ниетті. "Біз украин азаматтарының еңбегі арқасында өсімге қол жеткіздік. Бұл қиын кезең, халық күрделі өзгерістер кезінде шыдамдылық танытты. Қазір қиын кезең артта қалды деп санаймыз. Біз алға қарай жылжып, жаңа сапалы мемлекет құруға тиіспйз" деді Гройсман.

XS
SM
MD
LG