Accessibility links

Алматыда апаттан бірнеше шағын аудан тұрғындары жылусыз қалды


Алматы көшелеріндегі қар тазалау жұмыстары (Көрнекі сурет).
Алматы көшелеріндегі қар тазалау жұмыстары (Көрнекі сурет).

Алматының батыс бөлігіндегі бірнеше шағын ауданның тұрғындары бүгін апат салдарынан жылусыз қалды. "Алматы жылу желілер" компаниясы жұма күні таңертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін Сайын, Марғұлан, Сәдуақасов және Ұлықбек көшелерінің аумағындағы және Қалқаман шағынауданындағы тұрғындар жылудан ажыратылғанын хабарлады.

Жылумен қамтуға жауапты компания ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Алматыда бүгін күндіз ауа температурасы -6 градус болып тұр. Алматының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті кеше 19-20 қараша күндері қалың қар жауып, ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейтіні туралы ескертіп, СМС таратқан.

XS
SM
MD
LG