Accessibility links

Трамп Киссинджердің Қытай, Ресей және Иранға қатысты кеңесін тыңдады


Генри Киссинджер, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.

Генри Киссинджер, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Қытай, Ресей, Иран және Еуропаға қатысты мәселелер бойынша бұрынғы мемлекеттік хатшы Генри Киссинджерден кеңес сұрады. Бұл туралы 17 қарашада Трамптың кеңсесі хабарлады.

Бұрынғы президенттер Ричард Никсон мен Джеральд Фордтың тұсында мемлекеттік хатшы болған 93 жастағы Генри Киссинджер "Қытайға есік ашқан", Пекиннің ондаған жыл бойы оқшауланудан соң халықаралық аренаға оралуына мүмкіндік жасаған саясаткер ретінде танымал.

Киссинджер Трамппен сөйлесуге дайын болған. Дегенмен, ол сайлауда Трамптың қарсыласы Хиллари Клинтонды қолдағанын жасырмайды. Киссинджер сайлауда Клинтон жеңеді деп күткенін айтты.

The Atlantic журналында осы айда жарияланған сұхбатында Киссинджер 2016 жылғы сайлауда президенттікке кандидаттардың арасынан Хиллари Клинтонның ғана АҚШ-тың халықаралық саясатқа бағытталған дәстүрлі моделін ұстанғанын айтты. Киссинджер АҚШ-тың НАТО сияқты альянстарға мүше болуының қаншалықты заңдылығы туралы мәселені бірнеше рет көтерген Трамптың жеңісі "Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері бірінші рет АҚШ-тың әлеммен қарым-қатынасы қалай болатыны айқындалмай тұрғанын білдіретінін" айтты. Киссинджердің кейбір мәселелерге қатысты алаңдаушылығына қарамастан Трамп кеңсесі жаңа президент пен бұрынғы мемлекеттік хатшының "ауқымды кездесу өткізгенін" хабарлады.

"Мен доктор Киссинджерді сыйлаймын және өз ойларымен бөліскені үшін бағалаймын" деді Киссинджер. Трамп Киссинджермен Қытай, Ресей, Иран, Еуропа және басқа да халықаралық мәселелерді талқылағанын ғана айтып, кездесу жайлы егжей-тегжейлі баяндамады.

XS
SM
MD
LG