Accessibility links

Сот Мұхамедиұлының бұрынғы студентке қатысты шағымын кері қайтарды


Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.

Астана соты мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына оның Өнер академиясының бұрынғы студенті, өзін сексуалдық бопса жасады деп айыптаған Еңлік Сыдықованың үстінен түсірген шағымын қайтарып берді. Сот шағымды дұрыс жасалып, берілмеген деп қайтарған. Сот қаулысында сонымен қатар мәлімдемеде келтірілген факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны, процессуалдық қаулы әлі қабылданбағаны айтылады.

Tengrinews.kz сайты министрдің адвокаты Ескендір Әлімбаевқа сілтеме жасап қорғаушылар Мұхамедиұлының шағымындағы сот көрсеткен кемшіліктерді жойып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы Еңлік Сыдықованы сотқа беріп, оны "жалған мәлімет таратқаны" үшін жауапқа тартуды талап еткен.

Қазанның басында интернетте өзін академияда 2011-2015 жылдары оқыдым деген актриса Еңлік Сыдықованың видеосы жарияланған. Сыдықова видеода 2011 жылы сол кезде академия ректоры болып тұрған Арыстанбек Мұхамедиұлын оқуға түсуіне көмектесу үшін "әуелі ақша сұрап, кейін жыныстық бопсалады" деп айыптайды.

Мұхамедиұлы сот шешімі шыққанға дейін өзіне қатысты мәлімдемелер жайлы қандай да бір комментарий беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG