Accessibility links

Түркияда ондаған оқытушы ұсталды


Диярбакырдағы наразылық кезінде оқытушыны ұстап бара жатқан полиция қызметкерлері. Түркия, 9 қыркүйек 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Диярбакырдағы наразылық кезінде оқытушыны ұстап бара жатқан полиция қызметкерлері. Түркия, 9 қыркүйек 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Түркия полициясы Йылдыз қаласындағы техникалық университеттің 73 оқытушысын тұтқындады.

Түркия прокуратурасы 18 қарашада университеттің "қарулы террорлық топ мүшесі" деген сезікті 103 қызметкерін ұстау туралы сот ордерін алғанын хабарлады. Билік оларды АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулла Гүленмен "байланысы бар" деп айыптайды. Анкара Гүленді шілдеде болған мемлекеттік бүлікке "дем беруші" деп санайды. Бірақ Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

Прокуратураның пікірінше, күдіктілер хат-хабар алмасу үшін ByLock ұялы телефон қосымшасын қолданған. Билік бұл қосымшаны Гүлен 2014 жылдан бастап өзара қарым-қатынас жасау үшін қолданған дейді.

17 қарашада үкімет "гүленшілердің террорлық тобымен" байланысы бар делінген 203 судьяны отставкаға жіберген. Бүліктен соң 110 мыңнан астам адам қызметінен кетірілді, 36 мыңға тарта адам түрмеде сотты күтіп отыр.

Шілденің ортасындағы билікті басып алмақ болып, бірақ іске аспай қалған оқиғалардан 240-қа тарта адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG