Accessibility links

Мәскеуде Немцов қаза тапқан жердегі естелік заттарды қиратып кетті


Мәскеудің орталығындағы Борис Немцов қаза тапқан жерге қойылған саясаткердің портреті мен гүл шоқтары. Ақпан 2016 жыл.

Мәскеудің орталығындағы Борис Немцов қаза тапқан жерге қойылған саясаткердің портреті мен гүл шоқтары. Ақпан 2016 жыл.

Мәскеуде 18 қарашаға қараған түні оппозицияшыл саясаткер борис Немцов қастандықпен өлтірілген көпірге жұрт қойған саясаткердің портреті мен гүлдерді тағы да бұзып кетті. Ал көпірде кезекшілік жасап жүрген белсенділер Андрей Моргулев пен Алексей Михеевті полиция ұстады.

"ОВД-Инфо" порталының хабарлауынша, белсенділерді полиция бөлімшесінде бірнеше сағат ұстап, хаттама толтырмастан босатып қоя берген. Ал осы уақыт аралығында коммуналдық қызмет өкілдері көпірден барлық гүлдер мен саясаткердің портретін жинап әкеткен.

Мәскеу орталығындағы көпірге халық ескерткіші Немцовты өлтіріп кеткен 2015 жылдың 28 ақпанынан кейін-ақ орнатылған. Содан бері оны әлденеше рет талқандап, ал ол жерді күзетіп жүрген белсенділерді ұстаған.

Биыл қыркүйекте Мәскеу мэриясына саясаткер қаза тапқан орынға ескерткіш тақта орнатуды сұрап 30 мың адамның қолы тапсырылған. БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, қала билігі Немцовтың өлімін "айуға тұрарлық оқиға" деп санамайтындықтан ол жерге тақта орнату ниеті жоқ.

XS
SM
MD
LG