Accessibility links

Петропавлдағы сотта "ұлтаралық араздық тудырушы" соңғы сөзін айтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Петропавл қалалық сотында «ұлтаралық және дінаралық араздық туғызды», «сепаратистік әрекет жасады» (қылмыстық кодекстің 174 және 180-баптары бойынша) деп айыпталған азамат Игорь Чуприна соңғы сөзін айтты.

37 жастағы Игорь Чуприна «Вконтакте» әлеуметтік желісінде 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында әлеуметтік желіде ұлтаралық араздық туғызатын жазбалар жазып отырған деп айыпталады. Сотта сұралған кәугерлердің сөзінше, онрың жазбалары көптеген желі қолданушыларының наразылығын туғызған. Ал Игорь Чупринаның бұл айыптау жайлы пікірі басқаша.

«Менің тақырыбымды басқаға бұрып, бірден ұлтаралық карталар жібере бастады. Онда Ресейдің облыстары Қазақстанға қосылғаны көрсетілген. Ол кезде мен желі қолданушыларының әдейі осылай жасап жатқанын түсінбедім, сондықтан олармен сөйлестім» деді Игорь Чуприна.

Ол «сөздерін дұрыс түсінбей, қорлады деп ұққан қазақ ұлтынан кешірім сұрайтынын» айтты.

Мемлекеттік айыптушы Игорь Чупринаны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

XS
SM
MD
LG