Accessibility links

ДДСҰ Зика вирусына қатысты төтенше жағдайдың күшін жойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Зика вирусына байланысты халықаралық төтенше жағдайдың күші жойылғаны туралы мәлімдемесін сайтында жариялады.

Вирус және оның салдарына қатысты жағдайды қадағалау дүниежүзілік ұйымның ұзақ мерзімді жұмыс бағдарламасына енгізілген. Дерт тараған ондаған елде нәрестелер дүниеге басы мен ми көлемі кішірейіп (микроцефалия) туған. Бразилияның бір өзінде вирус салдарынан жүйке жүйесінің дамуы зақымданған 2 мыңнан аса оқиға тіркелген.

Зика вирусына жұқтырған адам әлсіз сезінеді, басы ауырып я буыны қақсап, денесі бөртеді, қажиды. Көбінесе вирус жұққаны ұзақ уақыт байқалмайтындықтан ауруды дер кезінде анықтау қиын. Әзірге Зика вирусына қарсы вакцина табылған жоқ.

XS
SM
MD
LG