Accessibility links

Павлодарда «Географиялық диктант» тапсырды


«Географиялық диктант» акциясына қатысушылар. Павлодар, 19 қараша 2016 жыл.
«Географиялық диктант» акциясына қатысушылар. Павлодар, 19 қараша 2016 жыл.

«Павлодар география үйі» қоғамдық ұйымы бүгін «Географиялық диктант» акциясын өткізді. Тест түрінде өткен диктант тапсыруға қатысқандар әлем, Қазақстан және Павлодар облысы географиясына қатысты қойылған 50 сұраққа жауап берді.

Акция Павлодар мемлекеттік университетінде өтті. Ұйымдастырушылар шараға қатысушыларды уақыт жағынан шектемеді және мобильдік телефонға қатысты да тыйым салған жоқ. Қоғамдық ұйым директоры Александр Веревкиннің айтуынша, акцияның мақсаты – «екі қою емес, адамдарға білімін тексеруге мүмкіндік беру».

- Болашақта осындай диктанттарды тек қалада ғана емес, бір мезгілде ауылды жерлерде, аудан орталықтарында өткізсек дейміз. Адамдарда ниет бар. Бүгін аяз болғанына қарамастан (Павлодарда ауа температурасы -35 градус болды), қала маңындағы ауылдардан да адамдар келіп қатысты, - деді Азаттыққа Александр Вервекин.

Диктант қорытындысы бір аптадан кейін белгілі болмақ. Үздік білім көрсеткендерге шараны ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар тапсыруға уәде етіп отыр.

XS
SM
MD
LG