Accessibility links

Трамп өз "университеті" туралы іс бойынша 25 миллион доллар төлейді


Дональд Трамп.

Дональд Трамп.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп алаяқтық туралы іске қатысты сотқа дейінгі келісім аясында 25 миллион доллар төлейді деп хабарлады Associated Press.

2010 жылы «Трамп университеті» деп аталатын ұйым студенттері миллиардер Дональд Трамптың үстінен сотқа шағым түсірген. Олардың сөзінше, өздері 35 мың долларға дейін ақша төлеп оқыған жылжымайтын мүлік туралы семинарлардың ешқандай ақпараттық мәні болмаған және студенттерді ештеңеге үйретпеген. Арыз иелері «Трамп университетінің» аккредитациясы болмағанын, яғни студенттер ешқандай диплом алмағанын айтқан. Іс бойынша сот тыңдауы 2016 жылғы қарашаның соңына жоспарланған.

Өтемақы «Трамп университетінде» оқыған 6 мыңға жуық адамға беріледі. Алайда миллиардердің арыз иелерімен арадағы дауды реттеуге келісім беруі кінәсін мойындау дегенді білдірмейді. Студенттерге төлейтін өтемақыдан бөлек Трамп мемлекетке 1 миллион доллар айыппұл төлейтін болады.

XS
SM
MD
LG