Accessibility links

Нидерланд қауіпсіздік қызметі Еуропада терактілер қаупі барын айтады


Германиядағы мигранттар кезегі. Қазан, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Германиядағы мигранттар кезегі. Қазан, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Еуропада терактілерге дайындық жүрігізіп жатқан «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының 60-тан 80-ге дейін мүшелері бар деп мәлімдеген Нидерландтың терроризмге қарсы күрес бойынша ұлттық үйлестірушісі Дик Схоф Associated Press агенттігіне. Оның сөзінше, исламшылдар өз жақтастарын Сирия мен Иракқа соғысуға бармай, Еуропада қалып, шабуылдар жасауға шақырған.

Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, соңғы жарты жылда жихадшылар жағында соғысуға аттанған еуропалықтар саны көбеймеген. Сонымен бірге, «Ислам мемлекеті» тобының шегінуі жаңа босқындар легінің пайда болуына түрткі болып, Еуропадағы тұрақтылыққа қатер төнуі мүмкін дейді Дик Схоф.

Былтыр Еуропа Одағы елдеріне Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан миллионнан астам адам баспана сұрап барған. Еуропадағы кейбір елдердің мигранттар қабылдау туралы шешімі террорлық шабуыл қауіп-қатері күшейгеннен кейін сынға қалған. 2016 жылы Еуропада исламшылдар бірнеше террорлық шабуыл жасаған. Олардың кейбіріне босқындар да қатысқан.

XS
SM
MD
LG