Accessibility links

«Астана» футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды


"Астана" футбол командасы ойыншылары.

"Астана" футбол командасы ойыншылары.

Алматыда бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуінде жергілікті «Қайрат» командасын 1:0 есебімен ұтқан «Астана» клубының ойыншылары осымен үшінші рет кубок иегері атанды.

Толассыз жауған қарға көмілген стадион алаңында өткен ойындағы жалғыз голды кездесудің екінші жартысында бәсекелестің қақпасына «Астана» командасы ойыншысы Джуниор Кабананга соқты.

Бір жыл бұрын осы екі команда Қазақстан Кубогы финалында кездесіп, «Қайрат» жеңіске жеткен еді.

«Астана» командасы бұған дейін екі рет – 2010 және 2012 жылдары футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алған, сонымен бірге үш рет Қазақстан чемпионы атанған.

XS
SM
MD
LG