Accessibility links

Египет журналистер одағының үш жетекшісі түрмеге қамалды


Египет журналистер одағы кеңсесі маңындағы үкіметке наразылық жиыны. Каир, 25 қаңтар 2015 жыл.
Египет журналистер одағы кеңсесі маңындағы үкіметке наразылық жиыны. Каир, 25 қаңтар 2015 жыл.

Египет соты елдегі журналистер одағының үш жетекшісін түрмеге отырғызды. Журналистер одағының басшысы Яхья Куалаш пен ұйым басқармасының екі мүшесі - Халед әл-Балши мен Гамал Әбдел Рахим «жалған ақпарат таратқан» деген айыптаумен іздеу жарияланған әріптестерін жасырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталушылардың үкімге шағым беруге мүмкіндіктері бар.

Египет журналистер одағының 75 жылдық тарихында алғаш рет ұйым жетекшісі түрмеге қамалған.

Адвокаттар қауымдастығы мен құқыққорғаушылар бұл шешімді қатты сынап жатыр.

Египетте 2013 жылы жазда әскерилер исламшыл президент Мұхаммед Мурсиді биліктен күшпен тайдырғалы бері елде оның жақтастары мен президент Әбдел Фатах әл-Сисиге наразы өзге адамдарға да қарсы қуғын-сүргін тиылмай келеді.

XS
SM
MD
LG