Accessibility links

Порошенко Донбаста үш әскери-азаматтық әкімшілік құру туралы жарлық шығарды


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Донбастағы үш елді мекенде әскери-азаматтық әкімшілік құру туралы жарлыққа қол қойған. Украина президенті ресми сайтының хабарлауынша, жаңа әскери-азаматтық әкімшіліктер Луганск облысы Попаснянск ауданындағы Золотое қаласы мен Катериновка селосында және Донецк облысы Бахмут ауданындағы Зайцево кентінде құрылады.

Жаңадан құрылған әкімшіліктер өздеріне қарасты аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күнделікті өмірді қалыпқа келтірумен айналысатын болады деп хабарланды. Жаңадан пайда болған уақытша басқару органдарына жүктелгендердің арасында диверсиялар мен терактілерге қарсы тұру міндеті де бар.

2015 жылы Украина Жоғарғы Радасы ел президентіне Донбастағы қарулы қақығыс болып жатқан аймақтармен шектесетін аудандарда, Порошенконың айтуынша, депутаттары жан-жаққа қашып кеткен жергілікті советтердің орнына әскери-азаматтық әкімшіліктер құруға рұқсат беретін заң қабылдаған.

XS
SM
MD
LG