Accessibility links

Трамп пен Ромни кездесуінде АҚШ-тың сыртқы мүдделері сөз болған


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп (ортада), жадан сайланған вице-президент Майк Пенс (сол жақта) және Митт Ромни. Нью-Джерси штаты, АҚШ, 19 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп (ортада), жадан сайланған вице-президент Майк Пенс (сол жақта) және Митт Ромни. Нью-Джерси штаты, АҚШ, 19 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп сенбі күні Нью-Джерси штатында 2012 жылғы президент сайлауында Республикалық партия кандидаты болған Митт Ромнимен кездесті. Бұған дейін Ромни келесі жылдан бастап Ақ үйге қоныстанатын жаңа әкімшіліктегі АҚШ мемлекеттік хатшы қызметіне лайық кандидаттардың бірі ретінде аталған.

Трамппен кездескеннен кейін Митт Ромни журналистерге қысқаша мәлімдеме жасаған.

«Біз АҚШ мүдделері үшін шынайы маңызы бар әлемнің әр аймағындағы жағдайлар туралы терең әңгіме өткіздік. Көтерілген тақырыптар бойынша пікір алмасып, талқыладық» деген Ромни мемлекеттік хатшы болуға қалай қарайтыны жайлы журналистердің қойған сұрақтарына жауап беруден бас тартты деп хабарлайды CNN телеарнасы.

Діни сенімдегі консерватор және отбасы құндылықтарын жоғары қоятын саясаткер ретінде танылған Ромни АҚШ-тағы соңғы президент сайлауы науқаны кезінде өз партиясынан презденттікке кандидат Дональд Трампты қатты сынға алған.

Митт Ромни абортты шектеуді жақтайды және бір жыныстылар некесі мен азаматтық некені құптамайды. Ғаламдық климаттың жылыну проблемасына қатысты бұған дейін жасаған мәлімдемелерінде ол климаттың өзгеруі адамзаттың іс-әрекетіне байланысты емес деген пікір білдірген болатын.

Сыртқы саясат мәселесінде Митт Ромни Ресейді «АҚШ-тың нөмір бірінші геосаяси дұшпаны» деген сөзімен танылған.

XS
SM
MD
LG