Accessibility links

Астана әкімі: АИ-92 маркалы бензин тапшылығын жою шаралары қолға алынды


Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Қазақстан астанасында жергілікті билік АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы мен аздап қымбаттауына қарсы шараларды қолға алып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды «Қазақпарат». Соңғы үш күн бойы толассыз жауған қалың қар мен аяз салдарынан Астанада жұрт ең көп алатын АИ-92 маркалы бензиніне сұраныс артып кеткен.

«Шынымен осы уақытқа тəн емес ауа-райының күрт сууына байланысты қаланың кейбір жанармай құю станцияларында орташа тұтыну көрсеткіші жанар-жағармай қоры мөлшерінен асып түсті. Қазіргі уақытта «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамы қалаға əкелінетін АИ-92 бензинінің мөлшерін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп әкімнің Facebook желісіндегі парақшасына жазғанын келтіреді «Қазақпарат».

Астана әкімінің жазуынша, АИ-92 маркалы бензиннің литрінің бағасы 130-135 теңгені құрап тұр. «Қазмұнайгаз» компаниясы, Астана қаласының əкімдігі жəне энергетика министрлігі жағдайды тұрақты бақылауында ұстап отыр деп жазған Әсет Исекешев.

Астана тұрғындары қалада бензин тапшы екені туралы әлеуметтік желілерде хабарлаған.

XS
SM
MD
LG