Accessibility links

Астанада Назарбаевтың қатысуымен судьялар съезі өтіп жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан судьяларының 7-съезі басталды. Съезге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, судьялар корпусы, парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға 600 жуық адам келген.

Съезде сөз алған Назарбаев "адамдар өз мәселелерінің шешу үшін бұрынғыдай органдардың коридорында жүгіріп жүрмеуі керек. Адамдарды біресе анда, біресе мында жібереді. Азаматтар дамыған елдердегідей өз құқығы бұзылса сотқа барып, онда өзінің бостандығы мен құқығын сенімді түрде қорғай алуы тиіс. Біз реформа жасаймыз, өйттік-бүйттік, электронды деп отырмыз. Ең бірінші мәселе - халық сотқа сенуі керек, халық сотқа баруы керек. Баяғыдан келе жатқан бірдеңе болса райкомға бару, обкомға бару, бастықтарға жазу әлі күнге дейін тоқталған жоқ. Осы мәселеге көңіл бөлу қажет" деді.

Назарбаев алдағы уақытта әр органнан есеп алатынын да мәлімдеді. Астанадағы съезде судьялардың этика кодексі қабылданады.

XS
SM
MD
LG