Accessibility links

Мамин: "Алтын орда" жолын қайта жаңарту жұмыстары басталады


"Алтын орда" базарының маңы

"Алтын орда" базарының маңы

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин 2017 жылы сәуірде «Алтын Орда» базары ауданындағы Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жұмыстарын бастауды тапсырды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Мамин «Алтын Орда» базары жағындағы Алматы-Бішкек жолы 17-19 шақырымды құрайтын учаске. Бүгінде ол төрт жолақты. Жөндеу жұмыстарынан кейін 10 жолаққа дейін кеңейтеміз» деді.

Жөндеу жұмыстарына жауапты «ҚазАвтоЖол» компаниясының есебінше, 2017 жылы шілдеде аяқталатын жоба құны 10 млрд. теңгені құрайды, оның 5,5 млрд. теңгесі жол жөндеуге жұмсалады. Асқар Маминайтуынша, учаскелерді сатып алуға бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінеді.

XS
SM
MD
LG