Accessibility links

Ресейде «Хизб ут-Тахрир» ұйымының мүшесі 12 жылға сотталды


«Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысты соттағы айыпталушылардың бірі. 9 қараша 2016 жыл.

«Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысты соттағы айыпталушылардың бірі. 9 қараша 2016 жыл.

Ресейлік Иса Рагимов “Санкт-Петербургте «Хизб ут-Тахрир» террорлық ұйымының бөлімшесін құрмақ болды” деп айыпталып, 12 жылға сотталды.

Рагимов 2015 жылы сәуірде ұсталған. Ресей қылмыстық кодексінде ел аумағында террорлық ұйым құрмақ болған адамды өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал Рагимов тергеу кезінде сот органдарымен келісімге келіп, кінәсін мойындаған. Сондықтан оның жазасы жеңілдеді.

«Хизб ут-Тахрир»ұйымы Қазақстанда да террорлық ұйым ретінде танылған.

XS
SM
MD
LG