Accessibility links

АҚШ-та жол апатынан бірнеше бала мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Теннеси штатында 35 бастауыш сынып оқушылары мінген мектеп автобусы аударылып, алты бала қаза тапқан. 20 жуық оқушы жарақат алған.

Полицияның мәлімдеуінше, жол апаты Чаттануга қаласының маңында болған. Автобус аударылып, жол шетіндегі ағашқы соғылған.

Алдын ала тергеу бойынша, автобус жүргізушісі жолда жылдамдықты асырған. Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG