Accessibility links

Ресейлік теннисші Қазақстан атынан жарыстарға қатысады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік теннисші Александр Бублик 2017 жылдан бастап жарыстарға Қазақстан атынан қатысады. Бұл туралы 19 жастағы теннисші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев та бұл ақпаратты растады.

Бублик биыл ITF Futures санатына енетін Дохадағы, Санкт-Петербургтегі жарыстарды жеңіске жеткен. Ол 2016 жылы ATP рейтингінде 960-орыннан 214-орынға дейін көтерілді.

Бұған дейін ресейлік Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Галина Воскобоева Қазақстан азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG