Accessibility links

Фугас бомбасынан қаза тапқандар саны артқан


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Сарапшылардың дерегінше, өткен жылы әлемде фугас бомбаларының жарылысынан мерт болғандардың саны өсіп, соңғы он жылмен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жеткен.

Халықаралық фугас бомбаларына қарсы кампанияның дерегінше, 2015 жылы әлемде 6461 адам осы миналардың жарылысынан көз жұмған немесе ауыр жарақаттанған.

Қаза тапқандардың саны 2014 жылмен салыстырғанда 75 пайызға өскен. Белсенділердің мәлімдеуінше, қаза тапқандардың көбі - Ауғанстан, Ирак, Ливия, Сирия, Украина және Йеменде. Ауғанстанның бір өзінде фугас бомбасынан 1310 адам қайтыс болған.

Зерттеуге қатысқан Лорен Перси Висентис "соңғы он жылда бейбіт тұрғындар мен балалар өлімі артқан. Сондықтан фугас бомбасы ешқай жерде және ешқашан бейберекет қолданылмауы тиіс" деді.

Фугас - топыраққа салынған, арнайы құмыралардың ішіне құйылған немесе су астына қойылған жарылғыш зат.

XS
SM
MD
LG