Accessibility links

Тарихшы Зардыхан Қинаятұлы өмірден озды


Зардыхан Қинаятұлы, тарихшы.

Зардыхан Қинаятұлы, тарихшы.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы 77 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы ғалым қызмет атқарған Қазақстан ғылым академиясының тарих және этнология институтының ұжымы хабарлады.

Ғалым Моңғолияда дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975 – 87 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990 – 92 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған Зардыханұлы Моңғолиядағы қазақтардың өмірі туралы бірнеше еңбек жазған.

Ғалымды жерлеу рәсімі 24 қарашада Алматыда өтеді.

XS
SM
MD
LG