Accessibility links

Шоқайтанушы Көшім Есмағамбетов қайтыс болды


Тарихшы Көшім Есмағамбетов
Тарихшы Көшім Есмағамбетов

Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеуші тарихшы-ғалым Көшім Есмағамбетов 79 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы тарихшы қызмет жасаған Қазақстан ғылым академиясы Сүлейменов атындағы шығыстану институтының ұжымы хабарлады.

Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген ғалым Мәскеудегі Халықтар достығы университетін бітірген.

Кейін Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды. "Қазақ энциклопедиясында" жұмыс істеді. Соңғы он жыл көлемінде ғылым академиясында бас ғылыми қызметкер болған. Көшім Есмағамбетов Мұстафа Шоқайдың өмірінен бөлек шетел әдебиетіндегі қазақтар туралы да зерттеген.

Ғалымды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 24 қарашада Алматыда өтеді.

XS
SM
MD
LG