Accessibility links

Түркия парламенті даулы заңды комиссияға қайтарды


Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым

23 қарашада Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елде дау туғызған кәмелетке толмағандардың некесін қию туралы заң қайта қарауға жіберілгенін мәлімдеді.

«Біз жаңа заң жобасын парламенттен комиссияға қайтарамыз. Бұл жоба президент (Тайып Ердоған) айтқандай кең көлемде талқылануы тиіс. Оппозициялық партияларға да өз ұсыныстарын жасауға уақыт беру керек" деді Йылдырым.

Заң жобасында егер ер адам кәмелетке толмаған қызды зорласа, кейін онымен отбасын құрса, жауапқа тартылмайтын бап енгізілген.

Бұл заң жобасы Түркияда қарсылық тудырды. Сынаушылар "бұл жоба -зорлық-зомбылықты заңдастырып, кәмелетке толмағандардың үйленуін көбейтеді" деген пікір айтады. Түркияда 18 жас кәмелеттік жас болып саналады.

XS
SM
MD
LG