Accessibility links

Бигелді Ғабдуллинді қолдаушылар ашық хат таратты


Адвокат Оралбай Әлімжан (сол жақта) және «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева. Алматы, 23 қараша 2016 жыл.

Адвокат Оралбай Әлімжан (сол жақта) және «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева. Алматы, 23 қараша 2016 жыл.

23 қараша күні Алматыда Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллинді қолдаушылар арнайы жиын өткізді. «Әділ сөз» ұйымының жетекшісі Тамара Калеева, адвокат Оралбай Әлімжан және журналист Кенже Татиля жиында Бигелді Ғабдуллинді қамауға алуға қатысты ашық хат туралы мәлім етті. Хат бүгін «Әділ сөз» ұйымының сайтында жарияланады.

- Ашық хатымызда Жамбыл облысы мен оның басшылығына қатысты Central Asia Monitor газетінде жарияланған мақалаларға кім сараптама жасағаны жайлы сұрап отырмыз. Тендерге қатысса, қанша сыни және қанша позитивті мақалалар болғаны тексерілген бе? Қандай негізде мұндай айып тағылып отыр? Бұл сұрақтарға Коррупциямен күрес ұлттық бюросы жауап береді деп үміттенемін, - деді Тамара Калеева.

Коррупциямен күрес ұлттық бюросы 16 қараша күні Астананың Алматы аудандық соты "мемлекеттік органдар басшыларын бопсалады" деген күдікке ілінген Ғабдуллинді қамауға алу туралы қаулы шығарған.

61 жастағы Ғабдуллиннің ұсталғаны туралы ұлттық бюро 15 қарашада хабарлаған. Бюро ақпаратына қарағанда, Ғабдуллин өзіне қарасты БАҚ-ты пайдаланып, мемлекеттік органдардың басшыларына олардың "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуыл жасаған". Кейін ол лауазымды тұлғалардан "сыни жарияланымдарды тоқтату үшін өз ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыстар беруді сұрап бопсалаған".

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG