Accessibility links

Мәжіліс үш жылдық бюджет жоспарын қабылдады


Мәжіліс депутаттары.
Мәжіліс депутаттары.

Бүгін, 23 қарашада Астанада Мәжіліс депутаттары үш жылдық бюджеттің жобасын қабылдады. Бұл жоба осыған дейін түзетулер енгізу үшін сенат депутаттарына қайтарылған еді. Мәжіліс депутаттары сенат енгізген 27 өзгеріспен келісті.

Бюджеттік жобада Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарын сумен қамтамасыз ету, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарындағы авто жолдарды жөндеу, Батыс Қазақстанда тұрғын үй салу қарастырылған.

ЭКСПО-2017 шарасы кезінде әдеби биеннале мен "Оқитын ұрпақ - ұлы дала болашағы" халықаралық симпозиумын ұйымдастыруға да қаржы бөлінбек.

Ұлттық экономика министрі 2017-2019 жылғы бюджет жоспары мұнайдың барреліне 35 доллар бағасына негізделіп жасалған.

XS
SM
MD
LG